ALTAIR ACADEMY
Академия туралы
Академия 2019 жылы құрылған. Ал бұған ҚР БҒМ "Балалар әдебиеті көпмәдениетті Қазақстанда рухани-адамгершіл тұлғаны қалыптастырудың негізі ретінде" (2012-2014 жж.) атты ғылыми жобасының аясында біріккен ғалымдардың (негізін салушылардың) көпжылдық жұмысы түрткі болды.

Қазіргі уақытта Академияның зерттеулері мен іс-шаралары ҚХА ҒСК, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және т.б. ұйымдар тарапынан қолдау тапты.
«Біз қазақстандық қоғамдағы балалар кітабының беделін көтеру, балалар мен олардың ата-аналарына оқу мәдениеті және оқу сауаттылығы мәселелерінде көмектесу, отандық жазушылардың, зерттеушілер мен тәрбиешілерінің балалар әдебиетінің «балалық емес проблемаларына» назарын аударту үшін тынбай еңбектеніп жатырмыз...»
«ALTAIR» балалар кітабы академиясының командасы
Авторлық жобалар
Академия кең аудиторияның назарын отандық ғылымға, балалар әдебиетіне және білімге қызығушылық танытатын адамдар шеңберін кеңейтуге аударту мақсатын қолға алған ғалымдар мен олардың жас әріптестерінің жобаларын жүзеге асырады.
Ертегітану
Ересектер және балалармен жұмыс жасауда ертегілерді тиімді пайдалану теориясы мен практикасын қоса қамтитын қазіргі лингвопедагогикалық және этнопсихологиялық бағыттардың бірі.
Толығырақ
«Бірге оқып, сурет салып, армандайық»
Балалар мен ересектерде оқырман қызығушылығын арттырып, оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған авторлық жоба.
Толығырақ
Балалар әдебиеті
Жоба классиктердің шығармаларын кеңінен насихаттауға, сондай-ақ заманауи қазақстандық балалар әдебиетін дамытуға бағытталған.
Толығырақ
«Ертегілер арқылы Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетіне»
Бұл жоба балаларды өз халқының, сондай-ақ Қазақстанда ежелден бері тұрып жатқан халықтардың тарихы мен мәдениеті тақырыбына ойлануға үйрететін ертегілердің интерактивті мұражайы болып табылады.
Толығырақ
Жаңалықтар мен оқиғалар

АКАДЕМИЯ КІТАПХАНАСЫ
Егер сіз балалар туралы немесе балаларға арнап кітап шығарғыңыз келсе, біз сізге көмектесуге дайынбыз. Академия «Авторлық ертегілер» сериясында кітаптар, сонымен қатар функционалды және оқу сауаттылығы, отбасылық оқу және оқуға қызығушылық мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді шығарады.
Кітаптарды сатып алу үшін сіз сұраныс қалдыру арқылы бізбен байланыса аласыз.
Бейнесабақтар

Академия классикалық әңгімешілердің кітаптары («Барлық кезеңдерге арналған ертегілер»), қиял-ғажайып жанрының жанкүйерлеріне арналған кітаптар («Сиқыр және қиял-ғажайып әлемінде»), қазақ халқының ертегілері және т.б. туралы бейнесабақтар мен тақырыптық дәрістердің серияларын ұсынады.
Байланыс
+7 775 94 94 940
altair.chba@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Made on
Tilda