Бұл күні Академия ҚазПРЯЛ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Социолингвистика, аударма теориясы және аударма ісі" зертханасы мен "Глосса" орталығы және ҚазАВРВ-мен бірлесіп «Қазақстандағы және әлемдегі орыс тілінің мамандары» атты вебинар өткізді, вебинар виртуалды залда Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан және Әзірбайжан ғалымдары мен оқытушыларын жинады.
Барлық қатысушыларды қарсы алып, құттықтаған келесі қонақтар: Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің кеңесшісі Коропченко Алексей Анатольевич; "Златоуст" баспасы директорының орынбасары Козина Наталья Олеговна(Мәскеу қ); педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ж.Баласағұн ат. Қырғыз ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Ахметова Нурлан Алымкуловна (Бішкек қ.); Баку славян университеті түлектерінің тәжірибе және мансабын дамыту бөлімінің меңгерушісі Алхасов Яшар Камиль оглу (Баку қ.).
А.С. Пушкиннің өнерін сүйетін бүлдіршіндер - Айсарова Амаля (№59 лицей-мектебінің 1-сынып оқушысы, Нұр-Сұлтан қ.) мен Алтынбаева Аяжанның (№ 37 лицей-мектебінің 2-сынып оқушысы, Нұр-Сұлтан қ.) қойылымдары өте ерекше сыйлық болды.
Олар барлығын шығармашылықтың толқынына «жандандырды», сол толқынмен қатысушылар Қазақстанда және әлемде орыс тілін дамыту мәселелерін талқылауға кірісті. Бұл күні келесідей қызықты баяндамалар жасалды:
- «Пушкин мен Абай менің өмірімде» – филол.ғ.д, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ҚХА ҒСК мүшесі, ҚазПРЯЛ президенті Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызы;
- «Қазақстандағы және әлемдегі орыс тілінің мамандары (XIV МАПРЯЛ Конгресінің беттерінен)» – филол.ғ.д, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ҚХА ҒСК мүшесі Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы;
- «XIV МАПРЯЛ Конгресіндегі орыс тілінің мамандарымен сұхбат» – ф.ғ.к, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Пшенина Татьяна Евгеньевна, ф.ғ.к, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Ақберді Мадина Ілиясқызы;
- «Режиссер-құжатшы А.Ф. Головинскийдің шығармашылығындағы Пушкин бейнесі (Түлектер форумы – 2019 Post Scriptum-ы)» –филол.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ҚазАВРВ Президенті, «ALTAIR» балалар кітабы академиясының жетекшісі Аманжолова Джемма Болатовна.
Сонымен қатар «Орыс тілін дамытудағы зор еңбегі үшін» Пушкин медалінің лауреаттары құттықтау сөздер мен тілектер білдірді, олардың қатарында:
- филол.ғ.д., профессор Сабитова Зинаида Какбаевна (Эскишехир, Түркия);
- филол.ғ.д., доцент Нарожная Валентина Дмитриевна (Шымкент);
- филол.ғ.к., доцент Бурибаева Майнура Абильтаевна (Нұр-Сұлтан).

3,5 сағат бойы виртуалды зал шабыт пен бірлескен шығармашылық атмосферасына бөленді.
Академия іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі болғандықтан, осы күнді жарқын әрі әсерлі етуге атсалысқан әрбір жанға алғысын білдіреді!
Мейрамдарыңызбен!
"Заман және тұлға" ғылыми-білім беру жобасының жетекшісі, доцент М. А. Бурибаеваның әлеуметтік желілердегі жарияланымын мына сілтемеден оқи аласыз.