Новости_kz

«Қазақстан: тарихи жад саясаты» халықаралық онлайн-конференциясы

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Достық үйінде (Нұр-сұлтан) "Қазақстан: тарихи жад саясаты" атты халықаралық олайн-конференция өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған бұл шара жыл сайын астанада өтеді. Тарихи жад тақырыбы әрқашанда көптеген мемлекеттердің зерттеушілерін, қоғам және мемлекет қайраткерлерін, оқытушыларды, ғалымдарды жинайтын тақырып болып табылады. 

Осы жылы пленарлық отырыс дөңгелек үстел форматында өтті, оның модераторы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы болды. 
Қатысушылардың көпшілігі үй кеңселері мен мекемелерден тікелей эфирге шықты.

Пленарлық отырыс панельдік сессиямен жалғасты. «Аштық. Соғыс. Сабақтар» атты екінші сессия аясында «ALTAIR» балалар кітабы академиясының сарапшылары өз баяндамаларын ұсынды — профессор Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы және доцент Аманжолова Джемма Болатовна. Олар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Өткенге хат" жобасы туралы, өскелең ұрпақты ата-бабаларымыздың ерлігін құрметтеу мен қастерлеуге тәрбиелеу және отбасылық мұрағаттарды зерттеу маңыздылығы туралы айтып берді. 

Суреттердің дереккөздері: Қазақстан халқы Ассамблеясының сайты

Конференция туралы қосымша материалдар осы сілтеме бойынша қолжетімді. 
Made on
Tilda