Новости_kz

«ӨТКЕНГЕ ХАТ»

Балалар мен ересектер, сіздерді өткенге, соғысқа қатысқан, тылда еңбек еткен және еліне көмектескен, қасымызда болмаса да біздің ортақ жеңісіміз туралы айтқысы келетін жақындарымызға арнап хат жазу байқауына қатысуға шақырамыз!

Байқау шарттары:
- Байқау үш топта өтеді: оқушылар, студенттер мен ересектер тобы. Әр жас тобында үздік жұмыс іріктелінетін болады. 
- Қатысушылар қатысу туралы сертификаттарға, ал жеңімпаздар арнайы дипломдарға ие болады. Сондай-ақ, ең жақсы жұмыстар осы айтулы күнге арналған жинақта жарияланады. 
- Жұмыстарды (көлемі – 300 сөзден артық емес) 7 мамырға дейін "Өткенге хат" деген белгімен altair.chba@gmail.com электронды поштасына жіберу керек. 
- Толықтай аты-жөніңізді, қалаңызды, оқу/жұмыс орныңызды көрсетіп, фотосуретіңізді қосуыңызды сұраймыз. 

Байқау нәтижелері 9 мамырда сағат 12:00-де жарияланады. 

Барлық қатысушыларды онлайн жиналысқа шақырамыз (сілтеме әр қатысушыға жіберіледі). 
Made on
Tilda