Новости_kz

«Көпмәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар» I Халықаралық конгресі

2019 жылдың 3-4 қазанында Алматы қаласында «ALTAIR» балалар кітабының академиясы Қазақстандағы Жастар жылы мен ТМД-дағы кітап жылына арналған «Көпмәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар» I Халықаралық конгресін өткізді. 
Конгресс Республикалық Достық үйі мен Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының алаңдарында өтті. 
Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі қолдады. 
Конгресстің негізгі бағыттары:

·       Көпмәдениетті білім беру кеңістігіндегі балалар кітабы;
·       Балалар кітаптарындағы ел мен халық тарихының көрінісі;
·       Балалар кітабы арт-объект ретінде. 
Конгресс бағдарламасында Қазақстан ((Алматы, Нұр-сұлтан, Көкшетау, Семей қ.), Ресей Федерациясы (Мәскеу, Пятигорск, Нальчик, Грозный, Махачкала қ.), Венгрия, Түркия және Өзбекстаннан келген зерттеушілердің, оқытушылардың, жазушылардың баяндамалары мен сөйлеген сөздері мәлімделді.  Конгресс жұмысы кезінде Т. К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессорлар-оқытушылар құрамының, докторанттарының, магистранттарының, студенттерінің ғылыми еңбектері мен әдеби шығармаларының, сондай-ақ қазақстандық авторлар ертегілерінің тұсаукесерлері мен көрмелері өтті. Сондай-ақ, Конгресс алаңында «Ертегіні суреттейік!» Халықаралық балалар байқауының жазба кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 

Т.К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА сайтына сілтеме: конгресс туралы
Made on
Tilda