Новости_kz

"Өткенге хат" байқауның қорытындысын шығарудың онлайн-трансляциясы

Жобаның авторы және идеялық шабыттандырушысы филология ғылымдарының докторы, профессор Шаймерденова Н.Ж. (Алматы қ.). 

Нұрсұлу Жамалбекқызының айтуынша, «...Байқаудағы барлық жұмыстар жоғары құндылыққа ие, өйткені бұл хаттарда тылда еңбек еткен, майданнан оралмаған, хабар-ошарсыз кеткен, соғысты толықтай бастан кешкен және жаңа бейбіт мемлекет құруды армандаған көптеген батырлардың өмірі баяндалады. Халықтар мен ұрпақтардың тарихи жадының призмасы арқылы Жеңістің құндылығын және қажырлы батырларымыздың (ата-әжелеріміз бен арғы ата-әжелеріміздің) өмірін еске алып, қарастыруға көмектескен ата-аналарға және мұғалімдерге, сонымен қатар балаларға үлкен алғысымызды білдіреміз». 

Ұйымдастыру комитетіне Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан және алыс-жақын орналасқан шет елдердің жеті елінен: Ресей Федерациясы, Беларусь, АҚШ, Үндістан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 200-ге жуық хаттар келіп түсті. Қатысушылардың географиялық ерекшеліктері, олардың мәртебесі мен жасы (4-тен 60 жасқа дейін) әртүрлі болғанына қарамастан, олардың барлығы бір толқында болды —  соғысқа қатысқан өз туыстарын еске алды, өздерінің жеке отбасылық тарихын айтып, оларға шын жүректен алғыс айтты, сондай-ақ әкелерінің, аталарының, арғы аталарының ерліктерін есте сақтайтынын және осы еске алу эстафетасын өз балаларына жеткізетіндігімен бөлісті. 

Мазмұны мен формасы бойынша әрбір хат ерекше болды - прозада немесе поэзияда. Сондықтан қазылар алқасы екі номинация жасауды жөн көрді: «Еске алу хаты» және «Батырға арналған өлең». "Жеңіс күніне арналған сурет" номинациясында балалардың көркем шығармашылығы жеке бағаланды. Хаттар мен суреттердің авторлары 4 жастан бастаған бүлдіршіндер (әрине, ата-аналарының көмегімен), сонымен қатар мектеп оқушылары, студенттер және ересектер болды. Олардың барлығы осы аяусыз және қайғылы соғыста ерлік көрсеткен жақын және қымбат адамдарына әсерлі хаттар жазды. 

Байқау жеңімпаздарының есімдері тікелей эфирде жарияланды, қатысушылардың өздері бірнеше хаттар оқып берді, соғыс жылдарындағы танымал шығармалар баяндалды, әскери өлеңдер оқылды. Жеңістің қандай қиын жолмен келгені туралы жолдарды оқығанда көбісі көз-жастарын ұстай алмады. 

"Өткенге хат" байқауы барлық қатысушыларды біріктіріп, оларға ата-бабалары үшін мақтаныш сезімін, шынайы алғыс және отбасы мен мемлекеттің тарихын жаңаша түсінуге мүмкіндік берді. Бұл байқаудың әрбір қатысушысы өз ойлары мен хаттары арқылы уақыт пен кеңістікті жеңіп, ХХІ ғасырда, соғыс аяқталғанына 75 жыл өткен соң, баба ерлігін жүрегінің түбінде  мәңгі терең сақтайтынын дәлелдеді.

Жеңімпаздарды және байқаудың барлық қатысушыларын құттықтаймыз!
Facebook-тегі жарияланымға сілтеме: Байқау нәтижелері туралы
Made on
Tilda