Дөңгелек үстел жұмысы ZOOM платформасында online режимде өтті.
Ұйымдастырушылар:
«Altair» балалар кітабы академиясы, «Социолингвистика, аударма теориясы мен практикасы» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ныңзертханасы.
Модератор: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филол. ғылымдарының докторы, профессор ШАЙМЕРДЕНОВА Нұрсұлу Жамалбекқызы
Спикерлер:
АМАНЖОЛОВА Джемма Болатқызы,
филол.ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның доценті;
ШАЙМЕРДЕНОВА Меңдіғаным Жамалбекқызы,
тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, ХАА академигі, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ныңпрофессоры;
БӨРІБАЕВА МАЙНУРА ӘБІЛТАЙҚЫЗЫ, филол. ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның доценті .
Иштван Конгур (Коныр) Мандоки - еуропалық қыпшақтанудың негізін қалаушы. Негізгі ғылыми қызығушылықтары - қыпшақ-түркі филологиясы, мадьярдың ежелгі тарихы, кунның этнографиясы мен этникалық тарихы (Венгрия қыпшақтары), тіл мен этнографияның қазақ-куннық параллельдері. Венгр, неміс, француз, қазақ және т.б. тілдерде қырықтан астам ғылыми мақалалар жариялаған. «Куннық (қыпшақ) тілінің қалдықтары (Венгрияның мадьяр лексикасында, жазба ескерткіштерінде, топонимдерінде)» бас ғылыми еңбегі.
Алматыда № 154 орта мектеп, сондай-ақ көшелердің бірі Иштван Конгур (Коныр) Мандоки есімімен аталған.
