Новости_kz

"Достық пен жасампаздықтың көпірлері"

30 шілде Халықаралық достық күнінде «ALTAIR» академиясы Ресей (Кеңес) жоғары оқу орындары түлектерінің Х форумына қатысты.

Іс-шара Қазақстандық, Ресейлік, Әзірбайжандық, Қырғызстандық және Өзбекстандық түлектердің қатысуымен онлайн-форматта өтті.

Форум қонақтары Ресей (Кеңес) жоғары оқу орындарының түлектері арасындағы жыл сайынғы өзара әрекеттестіктің маңыздылығы, жұмысқа орналасу перспективалары және түлектерге арналған ұсыныстар туралы сөз қозғады. Олардың құрамында:

- Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Воробьев Константин Павлович;

- Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығының президенті, филол.ғ.д, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызы;

- «РУДН» халықаралық қызметі жөніндегі проректоры, «ИНКОРВУЗ ХХІ» оқу орындары түлектерінің Халықаралық үйлестіру кеңесінің төрағасы Ефремова Лариса Ивановна;

- «Ресей (Кеңес) ЖОО түлектерінің әзірбайжандық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алиев Узеир Расим оглы.

Форумның модераторы филол.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Ресей жоғары оқу орындарының түлектері» Қазақстан қоғамдық бірлестігінің құрметті президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы.

Пленарлық бөлімде қазақстандық түлектердің түрлі салалардағы қызметіне арналған баяндамалар оқылды.
Қазақстан геотехникалық қауымдастығының президенті, ҚР ҰИА академигі, Геотехникалық институттың директоры, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, техн.ғ.д. Жүсіпбеков Асқар Жағпарұлы Қазақстанның жаңа астанасын салу мен Санкт-Петербург құрылыстарын салу кезіндегі бірлескен геотехникалық жұмыстар туралы қызықты деректер ұсынды.

«Дәуір және тұлға» ғылыми-ағартушылық жобасының жетекшісі, филол.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті Бурибаева Майнура Абильтаевна Ресей және Кеңес жоғары оқу орындары ғылыми мектептерінің дәстүрін жалғастырушыларға ерекше назар аудара отырып, Қазақстанның филология ғылымындағы мерейтойлық даталар туралы айтты.

Пленарлық отырыстың соңында «Ресей жоғары оқу орындарының түлектері» Қазақстан қоғамдық бірлестігінің президенті, «ALTAIR» балалар кітабы академиясының жетекшісі Аманжолова Джемма Болатовна баяндама жасады. Оның «10 жыл бірге» атты баяндамасы ұйым биографиясындағы алғашқы онжылдықтың символикалық нәтижелерін қорытындылады және бірлестіктің таяу жылдарда жұмыс жасайтын бағыттарын атап өтті. Форум қатысушылары мен қонақтарына арнаған сөзінде ол барлығының адалдығы пен достығына алғысын білдіретінін айтты: "10 жылдық осыншалықты тамаша бірлескен жұмыс пен шығармашылық сіздерсіз жүзеге аспас еді".

Сонымен қатар, бірінші бөлімде Алина Гриневичтің (Қостанай) «Орыс ым-ишара тілі» атты жобасының тұсаукесері ерекше назарға ие болды. Оның Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мектеп оқушылары мен студенттерімен бірлесіп жасаған «Единый мир вместе» (Бірге бірыңғай әлемге) атты бейнежазбасы шынымен де достық көпіріне айналды! (https://www.youtube.com/channel/UC4bauaSD2MgRelLRvDLGb9Q)

«Гуманитарлық білім және уақыттың сын-қатері» тақырыбы аясында өткен форумның екінші бөлімінде ғалымдар мен педагогтардың баяндамалары талқыланды.

Қатысушылар жалпы чатта Ресей жоғары оқу орындарының бұрынғы, қазіргі және болашақ студенттеріне естелік тілектерін қалдырды, бұл тілектер "Ресей жоғары оқу орындарының түлектері" Қазақстан қоғамдық бірлестігі сайтының арнайы "беттерінде" жарияланады. Тлесова Умсунай Капасовна чатта келесідей сөздер қалдырды:

"Бүгінгі кездесу маған студенттік жылдарды есіме түсірді. <...> Түлектер кездесуіне қатысқаныма өте қуаныштымын. Мен өзім Омбы мемлекеттік педагогикалық институтының түлегімін. Сондағы ұстаздарымды үлкен ризашылықпен еске аламын: Иванова-Янковская Е.И., Захарова О.В., Физиков В.М. және тағы басқалар. Пандемияға қарамастан осындай жылы кездесуді жүзеге асырған форум ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, іс-шараның онлайн режимінде өтуіне қарамастан, ол өте креативті болып шықты...».

Еліміздегі осындай қиын-қыстау күндерде бірлестік пен достастыққа бағытталған мұндай кездесулер өте маңызды. Кездесу туралы естеліктер ұзақ уақыт бойы біздің жүрегімізде қалсын, ал белгіленген бірлескен жоспарлар міндетті түрде жүзеге асырылсын деп тілейміз!

Келесі кездескенше!

Россотрудничество сайтында форум туралы ақпаратты: мына жерден оқи аласыз

«Русский мир» қорының сайтында форум туралы ақпаратты: мына жерден оқи аласыз

Facebook желісіндегі «ИНКОРВУЗ XXI» парақшасында форум туралы ақпаратты: мына жерден оқи аласыз

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдарының форумға қатысуы туралы ақпаратты: мына жерден оқи аласыз

Facebook сайтындағы форумға қатысу туралы ақпаратты: мына жерден оқи аласыз
Made on
Tilda