Бұл іс-шара екі қалаға — Шымкент пен Ташкентке барып өтілуі керек еді. Сонымен қатар, ЮНЕСКО шешімімен «ТМД-ның мәдени астанасы-2020» мәртебесін алған Шымкентте лингвистикалық мектеп аясында балалар кітабы фестивалін өткізу жоспарланған болатын.
Алайда, еліміздегі карантинге байланысты Еуразиялық лингвистика мектебі қашықтық форматына өтті.
Лингвистикалық мектептің қатысушыларына (мектеп мұғалімдері, колледж және ЖОО оқытушылары) «Адами капиталды дамыту тенденциялары: көптілділік жағдайындағы қаржылық, функционалды және оқырман сауаттылығы» атты біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша онлайн-режимде дәрістер оқылды. Дәріскерлер арасында Мәскеу, Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы ғалымдары болды.
Еуразиялық лингвистика мектебінің барлық қатысушыларына әр дәріскер атынан дидактикалық материалдар, нұсқаулықтың түрлі-түсті басылымдары, бағдарламалар мен сертификаттар жіберілді. Ұйымдастырушылар тарапына алғыс хаттар мен осы іс-шараны дәстүрлі ету туралы өтініштер келіп түсті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сайтындағы басылымға сілтеме: Еуразиялық лингвистика мектебі